42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕНІ КІМ АЛАДЫ? ОНЫ АЛУ ҮШІН, КӨП ҚҰЖАТ ЖИНАУЫМ КЕРЕК ПЕ? Бірден келісіп алайық: Сізді ТЖ-ға байланысты үйде отырып жұмыс істеуге жіберді. Айлық бірақ баяғынша төленіп жатыр, иә? Мұндай кісілерге 42 мың теңге берілмейді. Ал егер сізді ақшасы төленетін еңбек демалысына жіберсе ше? Ол кезде де төленбейді. 42 мың 500 теңгені – тек қана... Тек қана, жұмыс істеп отырған мекемесі ТЖ кесірінен тоқтап қап, ақысыз демалысқа кеткендерге ғана 42 мың 500 теңге беріледі. Сондай-ақ, бұл пособияны сұрауға - нотариус, жеке сот орындаушылар, адвокаттар. Жеке кәсіпкерлер һәм олардың қызметкерлері құқылы. СОСЫН, ТАКСИСТ, НЯНЬКА болып істеген, бірақ пенсионкасы болмаған адамдар да, 42 мыңға өтініш тастай алады!!! Графикада тұр! Тағы қайталап айтам: 42 мың 500 теңгені ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙға байланысты табысынан айырылып қалғандар алады. Олар, Е-Гов сайтында, "Электронное обращение" деген сервис бар. Сол жерге кіреді да, өзінің өтінішін тастайды. «Мен Алматы қаласындамын». «Мен Түркістан облысының пәленше ауданынанмын»,- деп. Ол жерге керегі – аты-жөні, ИИН, кәртішкеңіздің шоты, сосын телефоныңыз. Болды! Тіміскілеп, пенсионкаң қайда, анауың қайда,-деп ешкім түртпектемейді. Қазіргі министр жәрдемақы алуға өтініш тастаудың да, оны алудың да жолдарын жеңілдетіп тастады. Енді бастығыңнан өзіңді ақысыз демалысқа кеткеніңді немесе қысқартуға ұшырағанымды растап, бір қағаз жазып берші деп сұранып жүрмейсің. Одан қалды, «мен анау сауда үйінде арендаға дүкен жалдаушы ем»,-деп, әлгі арендатордан анықтама ұсынып жатудың керегі жоқ. Анау арыздың астында сөз бар: - Төтенше Жағдайға байланысты мен табысымнан айырылдым,-деген. Бітті. Сіз осы арызды жазу арқылы өзіңізге өзіңіз жауапкершілік алдыңыз. Мемлекет сізге сенеді. Сіз электронды түрде өтінішті жібересіз. Ауданда болсаңыз, аудандық штаб ол арызыңды алады да, барлық өтініш берушілердікін жинақтап, Мем.Корпорацияға жібереді. Мем.корпорация сізге жәрдемақы тағайындайды, сосын ГФСС төлейді. Осының бәріне 3-ақ күн кетеді. Ал енді ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРДІ?! Орысша айтқанда уволили!!! Қысқартуға ұшырадыңыз. 42 мың беріледі ме? ЖОҚ! Сізге бұл кезде басқа пособия беріледі! Мұндай адамдарға «жұмысынан айырылғандығы үшін» деген ГФССтен төлем бар. Сізді не үшін жұмыстан шығарды, себебін қарамайды, жәрдемақы төленеді. Оның көлемі – сіздің бұрын алып жүрген жалақыңыздың 40 проценті!!! Егер 200 мың теңге алатын болсаңыз, 80 мың төлейді. 100 мың айлығыңыз болса, 40 мың аласыз дегендей. Бұл ЧП-ға қарамайды. 6 ай бойы төленеді. Бұрын мұның мөлшері тым төмен етін, қазіргі Еңбек министрі жаңа жылдың алдында заңға өзгеріс енгізіп қойды. Жұмыстан айырылып қалдым, пособияны кім төлейді деп, ешқандай штабқа бармайсыз. Өтініш тастаудың жолында оңайлатып тастады. Қазір портал арқылы «жұмыссызбын» деп тіркелесіз, болды! Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін, Е-Говтан өтініш бересіз. 3 күн ішінде сізге жұмыс іздеп көреді. Қазіргі карантинге байланысты, сіздің икемге келетін, үйде отырып істейтін, онлайн жұмыстарды қарастырады. Еген мұндай ешбір жұмыс табылмаса, сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Сосын артынша смс келеді «сізді тіркеді» деп. Тіркеу туралы мәлімет бірден ГФСС-ке кетеді. ГФСС-тен, сіздің бұрынғы айлығыңызды пенсионка арқылы көлемін қарай қояды да, автоматты түрде есебін шығарып, сіздің шотыңызға тиісті ақша аударылады. Жалақыңыздың 40 пайызы... Бұрын былай еді. Мысалы бүгін сіз хабарластыңыз, тіркелдіңіз иә? «Сіздің төлемдеріңіз келесі айдың 1-нен басталады», деп хабарлап жататын. Қазіргі Еңбек министрі бұл жүйені түбегейлі өзгертті, бұдан да оңай етудің қамын жасап жатыр, қазір. Тура, 42 мың 500 теңге қалай бірден төленеді, мынау жұмыстан айырылып қалғанға байланысты пособия да солай, тіркелген күннен бастап берілетін етіп қойды. Қазір көпшілік сұрап жатыр. Е-Говқа қайтіп кіреміз, нені басамыз деп. Қазір Еңбек министрлігі – мынадан кейін мынау деп, тізбелеп не істейтініңді түсіндірген графикалар дайындап, әлеуметтік желіде таратып жатыр. Кешегі менің бөліскен суреттерім сол дүниелер еді. Сосын Телеграммда «Мой личный юрист» деген каналды іске қосты. – Егер сен жұмыстан былай шыққан болсаң, былай істейсің. – Егер сен жеке кәсіпкер болсаң. Жұмысшыларыңды қысқартсаң яки ақысыз демалысқа жіберсең, онда былай істейсің. – Егер сен жұмыстан қысқарып қалған адам болсаң, мынау жерге кіресің, мынаны басасың,-деп бәрін тәптіштеп түсіндірген тағы бір видео жүктеп отырмын. Қайда кіру керек, нені басу қажеттігін әдемі түсіндірген. Қарап көріңіздер. Назарларыңызға рақмет! Осы ақпаратты таратыңыздаршы! Нұрбек Бекбау

Теги других блогов: продвижение SEO Google