Ғұламадан бір кісі сұраған екен: - Әйелім мені жақсы көретінін қалай білсем болады? Ғұлама айтты: - Егер мына 14 қасиет әйеліңнің бойынан табылса, сенуіңе болады, ол сені жақсы көреді. Кісі сұрады: - Ол қандай қасиеттер? Хәкімнің жауабы: 1. Сенің тұрмыстық жағдайыңды және сені жақсы көргендерді де жақсы көрсе; 2. Оның пікіріне қарсы шықсаң да, ашуланбаса; 3. Ашуланғаның мен ренжігеніңнен әсерленсе; 4. Сенімен сұхбат құру үшін әрдайым тақырып табуға әрекет қылса; 5. Қандай да бір істі бастау яки шешім қабылдау қажет болса әуелі сенімен мәслихат етсе; 6. Арзымайтын хәдия берсең де, соған қатты қуанса; 7. Саған жеңілдік жаратуға, қандай да бір жұмысыңа көмектесуге әрекет қылса; 8. Үйде жоғыңда сені ойлап уайымдаса; 9. Сен разы болатын іске талпынып, сен ұнатпайтын, ашуыңа себеп болатындарын қайталамаса; 10. Епсіздігің оның ашуын келтірмесе; 11. Сен үшін қиындықтарға да төзе білсе; 12. Сенің пікіріңе, қайғы-мұңыңа ортақ болса, сенің әлеміңе кіруге талпынса; 13. Сен қандай жұмыста істесең де (харам істерден бөлек) сенен арланбаса, жаныңда жүруге қымсынбаса; 14. Сенің Аллаға жақындауыңа медет болып, құлшылық-ғибадаттарыңа көмектессе, демек ол сені шынымен жақсы көреді! - деген екен.

Теги других блогов: әйел жақсы көру мәслихат