Уайымдама!
Барлық жан егесі өлім дәмін татады. Мен де, сен де, ол да. Денем не болады деп еш уайымдама, мұсылман баласы болса арулап, лайықты ісін жасайды.
Киімдеріңді шешіп,
Жуындырады,
Кебіндейді,
Үіңнен шығарып, дайындалған шұңқырға апарады.
Жаназаңа көп адамдар келеді. Тіпті біразы сен үшін жұмыстарын кейінге қалдырады.
Заттарыңның барлығы иесіз қалады,
Ұялы телефоның,
Кілттерің,
Киімдерің,
Аяқ киімің,
Сөмкең, т.б.
Егер жанұяң пайдасын білсе, заттарыңды сауабы тиер деп басқаларға таратар.
Бір нәрсеге көз жеткіз!
Дүние тіршілігі сен үшін қайғырмайды, тоқтап қалмайды,
Жер айнала береді, күн шығып, батуын тоқтатпайды,
Жұмыстағы босаған орныңа басқа біреу келіп, орналасады.
Дүние-мүлкіңді мұрагерлерің бөліп алады.
Ал сен сол кезде, таудай нәрсе мен шаңның тозаңындай істерің үшін есепке тартылып жатасың.
Қайғырудың түрлері көп!
Сыртыңнан ғана білетіндер: «Е, ол да кетті!» - дейді.
Дос-жарандарыңның қайғысы сағаттар ғана. Аздан соң өз қалыптарына, күлкілеріне қайта оралады.
Терең қайғы үй-ішіңде. Апта, ай қайғы жамылар, сонан соң архивтен орын табасың.
Адамдардың арасындағы «қиссаң» аяқталды.
Ол күні адамдардың мақтау-мадақтары пайда бермес,
Сөгіп-жамандауларынан да еш зиян тартпайсың.
Арғы дүниедегі өмірің басталды,
Оған не дайындадың?
Сапарың ұзақ, машақаты сен ойлағаннан да ауыр,
Жол азығыңды қамдадың ба?
Ауыртпашылығын жеңілдететін амалға ұмтылдың ба?
Әлі де кеш емес!
Алайда байқа!
Соңғы сапар аяқ астынан басталып кетуі мүмкін!